US Open: Рыбакина мен Путинцеваның келесі айналымдағы қарсыластары кімдер

Сурет: X/gamesetgoal_
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші бірінші айналымда аустралиялық Дестани Айавамен сынға түсті. Бұл қос қарсыластың өзара алғашқы кездесуі еді.

Бірінші партияда Рыбакина қос брейк жасап, айқын басымдылық көрсетті – 6:1. 

Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте қазақстандық спортшы брейкпен алға шыққанымен, ізінше өз геймін беріп қойды – 4:4. Есеп 5:6 болып, Елена доп бергенде, Айава үш сетболын пайдалана алмады. Содан кейін тай-брейкте Рыбакина сәтті ойнады – 7:6 (7:1).

Елена Рыбакина АҚШ біріншілігінің үшінші айналымына шығу үшін франциялық Джессика Поншемен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады. Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 25-ракеткасы, 19 жастағы чехиялық Линда Носкованы жеңді. 

Носкова өткен аптада Мексикадағы Монтеррей WTA 500 турнирінің чемпионы атанып, әлемдік рейтингіде 35-тен 25-ке көтеріліп, жеке рекордын орнатқан еді.

Тартысты өрбіген бірінші партияда қазақстандық теннисші тай-брейкте таразы басын өзіне аударды – 7:6 (7:4). Екіншісінде 6:4 есебімен жеңісті түйіндеді.

Юлия Путинцева үшінші айналымға өту үшін әлемнің 40-ракеткасы, қытайлық Синьюй Ванмен кездеседі. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды