"Астана" Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты

Сурет: instagram/fca.astana
Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасының плей-офф кезеңінде қазақстандық "Астана" Норвегияның "Бранн" командасымен қарымта ойын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашқы ойында қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберген астаналық клуб алғашқы минуттан тізгінді өз қолына алуға тырысты. Десе де, бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде де ойын жағдайы дәл осындай қарқында өрбіді. Елордалық команда жиі шабуыл ұйымдастырса, оған норвегиялық футболшылар лайықты төтеп бере білді. Ойынның 61-минутында астаналық командадан Джеффри Чинеду әуелете берілген пасты қақпаға дарытты.

Ол 81-минутта тағы бір мәрте мергендік танытты.

Ал 91-минутта жасыл алаңға шыққан Рамазан Кәрімов арада минут өтпестен норвегиялық қорғаушылардың өрескел қателігін шебер пайдаланып кетті.

Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, Конференция лигасы топтық кезеңіне жолдама алды.

"Астана" турнирді екінші іріктеу кезеңінен бастап, алғашқы айналымда Молдованың "Милсами" клубын (1:0, 1:1) қапы қалдырса, одан кейін Румынияның "Корвинул" командасынан (2:1, 6:1) басым түсті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді