Қазақстандық журналистер теннистен 2024 жылғы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Сурет: Zakon.kz
Херцег-Нови қаласында (Черногория) БАҚ қызметкерлері арасында 46-шы әлемдік біріншілік аяқталды. Онда Қазақстан өкілдері бес жүлделі орынға ие болды: 2 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің 14 елінен 60-тан астам журналистің қатысуымен өткен Халықаралық теннис турнирі бес күнге созылды.

Қазақстан құрамасының намысын отандық БАҚ-тың бес өкілі қорғады:

Сурет: Zakon.kz

Жарыста әртүрлі жас санаттары бойынша медальдар сарапқа салынды.

Додада жұлдызы жанғандардың бірі — Сәби Байбосынов болды. Ол миксте "алтын", жекелей сында "күміс" және жұптық кездесуде "қола" медаль иегері атанды.

Сурет: Zakon.kz

"Мастерсте" осы турнирдің қола жүлдесін Қуандық Шынасылов иеленді.

Сурет: Zakon.kz

Ал Галина Выборнова әйелдер арасында ешкімге есе жібермей, біріншілікті қанжығасына байлады. (Фьючерстер).

Сурет: Zakon.kz

Сонымен қатар, ұйымдастырушылардан Талғат Қалиақпаров ("жеңіске деген ерігі үшін") және Данил Москаленко ("әдемі ойын") арнайы сыйлықтарын алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы бес марапатқа ие болды: 2 алтын, 1 күміс және 2 қола.

Бұған дейін Елена Рыбакинаның кезекті турнирден шығып қалу себебі белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін