"Алтын доп" төңірегінде дау-дамай бұрқ етті

Сурет: wikimedia.org
Парижде көптен күткен "Алтын доп" рәсімінен бірнеше сағат бұрын бейресми дереккөздер беделді марапаттың жеңімпазы туралы ақпарат тарата бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналист Хосе Луис Санческе сілтеме жасай отырып, Madrid Universal басылымы "биылғы кубоктың иегері Манчестер Сити мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри болмақ" деп жазды.

Сол-ақ екен, футбол қауымдастығы дүр сілкінді. Өйткені көпшіліктің пікірінше, Мадридтің "Реал Мадрид" клубындағы Винисиус Джуниор бұл марапаттан басты үміткер болып саналады. Дереккөздің хабарлауынша, Мадрид клубының өкілдері дауыс беру нәтижелеріне өте наразы және Париждегі аты аңызға айналған "Шателе" театрында өтетін салтанатты рәсімге бойкот жариялауды да қарастырып жатыр.

Ал бұл рәсім Қазақстан уақыты бойынша қазанның 28-нен 29-на қараған түннің ортасында басталады.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды