Мысырда өтіп жатқан үстел теннисінен турнирде Қазақстан құрамасы тағы екі жүлдені қанжығасына байлады

Сурет: ҚР ҰОК
Үстел теннисінен Қазақстан командасы Исмаилиядағы (Мысыр) WTT Youth Contender турнирінде екі медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰОК ақпаратынша, екінші орынды Жанерке Көшкімбаева (U19) мен Жания Бекмұхамбетова (U11) алды.

Айта кетелік, бұған дейін Бекмұхамбетова 13 жастағы спортшылар категориясында бірінші орын алған.

Бұған дейін қазақстандық Жәмила Бақбергенованың осы күндері Тиранада (Албания) өтіп жатқан әйелдер күресінен олимпиадалық емес салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының финалына шыққаны хабарланған болатын. Жартылай финалда 72 келіге дейінгі салмақтағы спортшы моңғолиялық Болортунгалаг Зоригтпен татамиге шықты. Бақбергенова жекпе-жекте 8:6 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының финалисі атанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы