Бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионатында үш отандасымыз алтын медаль иеленді

Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Қазақстандық үш спортшы Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатының алтын медалін иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 67 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан финалда кубалық Дэвид Эспиносаға қарсы жекпе-жек өткізді.

Отандасымыз кубалық боксшыға еш мүмкіндік қалдырмай, айқын басымдықпен жеңіске жетті. 

Осылайша ол Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медалін әкелді. Одан бөлек, финалға жеті спортшымыз жолдама алған еді. Соның екеуі де жоғары сападағы жүлде иегерлері атанды.

75 келі салмақ дәрежесінде Санжарәлі Бегалиев өзбек боксшысы Жафарбек Шахбазовтан басым түссе, 81 келіде Аружан Зейноллаева тағы бір өзбек спортшысы Рухшон Папариеваны сан соқтырды.

Бүгін, 3 қарашада тағы төрт боксшымыз ақтық сында бағын сынайды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді