Рыбакина әлемдік рейтингте бір сатыға төмендеді. Қазақстандық теннисшілер қандай орындарға ие

Сурет: Jimmie48 Photography, WTA
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) 2024 жылдың 11 қарашасында әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның алғашқы ракеткасы Елена Рыбакина жаңа рейтингте бір позицияға түсіп, енді алтыншы орында тұр. Ал, әлемнің бесінші ракеткасы ретінде Чжэн Цинвэн (Қытай) танылды. Қытайлық спортшы жақсы көрсеткіштерінің арқасында бірден екі сатыға көтерілді.

Сондай-ақ, еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева 29-шы орында орналасқан.

11 қарашадағы WTA рейтингі: 

1. Арина Соболенко (Беларусь) – 9416 ұпай.

2. Ига Швентек (Польша) – 8370.

3. Коко Гауфф (АҚШ) – 6530.

4. Жасмин Паолини (Италия) – 5344.

5 (+2). Чжэн Цинвэн (Қытай) — 5340.

6 (-1). Елена Рыбакина (Қазақстан) — 5171.

7 (-1). Джессика Пегула (АҚШ) — 4705

8. Эмма Наварро (АҚШ) — 3589.

9. Дарья Касаткина (Ресей) — 3368.

10 (+3). Барбора Крейчикова (Чехия) — 3214…

29. Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1844.

328 (-4). Жібек Құламбаева (Қазақстан) — 191.

383 (-2). Зарина Дияс (Қазақстан) – 159.

633 (+6). Соня Жиенбаева (Қазақстан) — 61.

895 (-10). Анна Данилина (Қазақстан) – 26.

904 (-8). Сандуғаш Кенжебаева (Қазақстан) – 26.

942 (+40). Аружан Сағандықова (Қазақстан) – 23.

1075 (-6). Гозал Айнитдинова (Қазақстан) – 15.

Бұған дейін үстел теннисінен өткен халықаралық жарыста 11 жасар Жәнияның алтын медаль ұтып алғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты