Қазақстандық фристайлшылар Австрияда өткен турнирде жақсы нәтиже көрсетті

Сурет: Instagram/sport_comiteti
Фристайлдан Қазақстан құрамасы Австрияның Хинтертукс курорттық қаласында өткен халықаралық турнирде 6 медаль жеңіп алды: төрт алтын, бір күміс және бір қола, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекелей сында Павел Колмаков 77,15 ұпай жинап, турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл оның жаңа маусымдағы алғашқы жеңісі.

Қазақстан ерлер құрамасының тағы бір өкілі Антон Бондарев 70,18 ұпай активімен қола медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасындағы қазақстандық спортшылар да жеңіс тұғырына көтерілді. Анастасия Городко бірінші орын (73,88 ұпай), ал Аяулым Әміренова екінші орын (72,33) иеленді.

Параллель-могул жарыстары кезінде Павел Колмаков пен Анастасия Городко тағы да алтын медальмен марапатталды.

Бұған дейін Рыбакинаның әлемдік рейтингте бір сатыға төмендегені хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты