Қазақстандық мерген Никита Чирюкин Азия рейтингінде көш бастап тұр

Сурет: ҚР ҰОК
Нысана көздеуден Қазақстан командасының өкілі Никита Чирюкин ASC жаңартылған Азия рейтингінде бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰОК ақпараты бойынша, ол 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен оқ атудан ешкімге дес бермей тұр. Оның қоржынында 1500 ұпай бар.

Сонымен қатар, тағы бір қазақстандық Константин Малиновский үздік ондыққа енді. Ол 50 метрден кіші калибрлі мылтықпен үш позициядан оқ ату бойынша бесінші орында. Әйелдер арасында дәл осы дисциплинада Александра Ле жетінші орынды иеленді.

Ал Валерий Рахимжанов пневматикалық тапаншамен 10 метрден оқ ату бойынша рейтингтің бесінші сатысына орналасты.

Бұған дейін қазақстандық "Барыс" хоккей клубның  күтпеген жерден Гагарин Кубогының иегері "Металлург" командасын 2:1 есебімен ұтып, сенсация жасағаны хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін