Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Сурет: Instagram/serik_sapiyev
Серік Сәпиев мемлекеттік қызметке оралады. Бұл туралы Астанада ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өңірлік спорт басқармаларының басшысын тағайындау бойынша комиссия отырысында белгілі болды, де хабарлайды Zakon.kz.

Отырыста Қарағанды және Павлодар облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылығына ұсынылған екі үміткердің кандидатурасы қарастырылды.

Атап айтқанда, Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің, ал Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашевтың кандидатурасы ұсынылып, комиссия мүшелері келісімін берді.

Жиын барысында комиссия мүшелері үміткерлердің саладағы тәжірибесі мен өңір спортын дамытуға қатысты жоспарына, сондай-ақ спорт ғылымының негіздері мен менеджментін меңгергендігі жөнінде сұрақтар қойды.

Айта кетейік, кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады және Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттарды ғана тағайындауға тиіс.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз