World Boxing Азияда жаңа бокс конфедерациясының құрылғанын хабарлады

Сурет: olympic.kz
World Boxing Азия аумағында бокстың дамуы мен насихатталуын бақылау үшін жаңа Азия бокс конфедерациясының құрылғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық бокс қауымдастығынан (IBA) Азия бокс конфедерациясының (ASBC) тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне байланысты президенттік қызметінен кеткен Пичай Чунхавадзира, өзінің мәлімдемесінде жаңа ұйымның құрылуына және оның алдағы жұмысына толық қолдау көрсететінін айтты.

World Boxing басшысы Борис ван дер Ворст қабылданған шешімді тарихи сәт екендігін атап өтті:

"Азияда бокстың мүмкіндіктерін кеңейту жолында осындай қадам жасағанымызға қуаныштымыз. Жаңа Азия бокс конфедерациясы ілгері дамып, бокс деңгейін жаңа белестерге көтеретініне сенімдіміз".

Конфедерацияның құрылуы World Boxing қауымдастығынан айқын қолдау тапты. World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Азия боксының әлемдік аренадағы маңыздылығын ерекше атап өтті:

"Мұндай жаңашыл құрылымды құруға қатысу – үлкен мәртебе. Бүгінде Азия боксы әлемдік аренада ерекше рөл атқарады. Жаңа конфедерация біздің аймақтың алатын орнын одан әрі бекітіп және осы спорт түрінің дамуына жаңа серпін береді".

Жаңа Азия конфедерациясының құрылуы құрлық боксының дамуына жол ашады. Ұйым тәуелсіздік, әділеттілік және спортшыларды қолдау қағидаттарын басшылыққа ала отырып, мүдделі тараптарды ортақ мақсатқа біріктіреді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін