Бокстан АЧ-2024: Орақбаева мен Сәттібаева қола медаль иеленді

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Таиланд корольдігінің Чианг Май қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жазира Орақбаева қола медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жазира Орақбаева 52 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Феруза Казаковамен тартысқа түсті.

Төрешілер үш раунд бойы өзбекстандық боксшы басым болды деп санады. Қорытынды есеп: 5:0.

Осылайша, бүгін шаршы алаңға шыққан қос отандасымыз өзбекстандық боксшыларға жол берді.

Бұған дейін Әйгерім Сәттібаева 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Фарзона Фозиловамен өзара бақ сынасты. Жеңіс өзбекстандық спортшы еншісінде. Есеп: 4:1.

Айта кетсек, 7 желтоқсанда бокстан Азия чемпионатында тоғыз спортшымыз финалға шығу үшін бақтарын сынайтынын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті