Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатының алтынына таласады

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатының финалында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 8 желтоқсанда Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бесінші боксшымыз ақтық сынға жолдама алды.

1/2 финалда тәжірибелі жерлесіміз Тәжікстан өкілі Шохобжон Шукуровпен кездесті.

Өте салқынды қимылдаған Абылайхан барлық раундта сауатты түрде қорғанып, шабуылдай білді. Есеп: 5:0.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Оразбек Асылқұлов және Дулат Бекбауов Азия чемпионатының финалына шыққанын жазған едік.

Бүгін, 8 желтоқсанда бокстан Азия чемпионаты аясында ерлер арасындағы жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.

Бұл кезеңде Қазақстан құрамасының он өкілі шаршы алаңға шығады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды