Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық зілтемірші Артем Антропов ауыр атлетикадан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Антропов 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.

Ол жұлқа көтеруде 170 келіні, ал серпе көтеруде 230 келіні бағындырып, қоссайыс бойынша 400 келі нәтижені көрсетті.

Екінші орынды Катар спортшысы Ибрахим Фарес Эльбах иеленді (399 келі, 174+225), ал үшінші орын испаниялық Маркос Руиз Веласкоға бұйырды (395 келі, 183+212).

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы үшінші медалі. Бұған дейін Алексей Чуркин (81 келі) күміс жүлде жеңіп алса, Нұрғиса Әділетұлы (96 келі) әлем чемпионы атанған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды