Белгілі қазақстандық футболшы алғаш рет бас бапкер лауазымына ие болды

Сурет: Instagram/Samat_Smakov
Аты аңызға айналған, Қазақстанның ең атақты футболшысы Самат Смақов Талдықорғанға "Жетісу" клубының бас бапкері қызметіне шақырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

46 жастағы Самат Смақов Ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген футболшы – 76 ойын.

Кәсіби мансабында ол еліміздің 6 дүркін Чемпионы, сондай-ақ, 4 дүркін Қазақстанның үздік футболшысы атағының иегері.

Әр жылдары Смақов "Ордабасы", "Ақтөбе", "Ертіс", "Қайрат", "Ризеспор" (Түркия), "Елімай", "Жеңіс" және "Ростсельмаш" (Ресей) сияқты клубтардың намысын қорғады.

Ол жаттықтырушылық қызметін үш жыл бұрын "Ордабасында" көмекші ретінде бастаған. Артынша, бір маусым бойы "Семейде" жұмыс істеді, енді "Жетісуда" бас тәлімгер лауазымына ие болды.

Бұған дейін Әлия Юсупованың ҚР Гимнастика федерациясындағы қызметін сақтап қалғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан тарихында бірінші рет қайғылы оқиғаға түрткі тайғақ жол үшін құзырлы мекеме басшысы жазаланды

Қазақстанда криптовалютаны сатып алу және сату ережелері қашан реттеледі

"Күн 41 градусқа дейін ысиды". Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

"Күн 48 градусқа дейін ысиды". Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды