Елена Рыбакина Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты

Фото: Getty Images
Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open турнирінің үшінші айналымындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл айналымда украиналық теннисші, әлемнің 33-ракеткасы Даяна Ястремскаямен кездесті.

Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Рыбакина матч кезінде екі эйс жасап, екі қос қателік жіберді және 11 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдалана білді.

Енді ол төртінші айналымда америкалық теннисшілер Мэдисон Киз бен Даниэль Коллинз арасындағы мачтың жеңімпазымен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Юлия Путинцева Дарья Касаткинаға есе жіберіп, Australian Open-дегі өнерін аяқтағанын хабарлаған едік.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады