Александр Бублик Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

1/8 финалда қазақстандық Германия спортшысы Доминик Кепфермен кездесті. Нәтижесінде Александр 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Александр Бублик бес эйс жасап, үш брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланып, бірде-бір қос қате жіберген жоқ.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші аталмыш турнирдің қазіргі чемпионы. Және осы жылы да сол атақты қорғап қалуға ниетті.

Александр Бубликтің келесі қарсыласы Маттие Белуччи (Италия) және Александр Ковачевич (АҚШ) арасындағы кездесуден кейін анықталады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды