Михаил Шайдоров: Өкінішке қарай, әлемде тек өзім орындайтын каскадты көрсете алмадым

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2025 жылғы Азия ойындарыдағы еркін бағдарламаға жаңа өзгерістер енгізгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бұл күн мен үшін өте қиын болды. Аздап сырқаттанып қалдым, қызуым көтерілді. Дегенмен, жарысқа толықтай жинақы шықтым. Бастапқыда бәрі ойдағыдай болмады. Элементтер жақсы болғанымен, кейбір жерге түсуім сәтсіз шықты.

Жалпы, өз өнеріме көңілім толады. Бұған дейін мұндай ырғақта сырғанап көрмеп едім. Бағаларым жаман емес сияқты. Өкінішке қарай, әлемде тек өзім орындайтын каскадты көрсете алмадым. Келесі жарыста оны орындаймын деп үміттенемін. Осы арада дайындалып, төрешілердің еңбегімді бағалайды деп үміттенемін", - деді Шайдоров.

Еске салайық, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында үшінші орын алды.

Мәнерлеп сырғанаушы еркін бағдарламада 169,26 ұпай жинады. Жалпы ұпай саны – 246,01. Бұл нәтиже Шайдоровқа қола медаль әкелді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін