10 жылдан кейінгі алтын медаль: қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы төрт құрлық чемпионатында жеңіске жетті

Сурет: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақ спортшысы қысқа бағдарламадан кейін көшбасшылықты сақтап тұрды. Нәтижесінде ол басымдықты жібермей, алтын медаль жеңіп алды.

Шайдоров еркін бағдарламада төрешілердің шешімімен 190.37 ұпай жинады. Жалпы есепте 285.10 ұпайға қол жеткізді.

Екінші орынды 265.02 ұпаймен Ча Джун Хван (Оңтүстік Корея) иеленді, ал үшінші орынға 245.01 ұпаймен америкалық Джимми Ма тұрақтады.

Диас Жиренбаев 19-орынға ие болды. Ол 166.34 ұпай жинады.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров бұл турнирде жеңіске жеткен екінші қазақстандық атанды. 2015 жылы Сеулде Денис Тен топ жарған болатын. Ал 2019 жылы Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль жеңіп алған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды