Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандық бес спортшы ширек финалға шықты

Сурет: olympic.kz
Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеше шаршы алаңға Қазақстан құрамасының алты өкілі шықты. Жекпе-жек нәтижесінде әлем чемпионатының ширек финалына төмендегі боксшылар жолдама алды: Алуа Балқыбекова (50 келіге дейін), Жайна Шекербекова (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Аида Әбікеева (63 келіге дейін), Жасмин Кизатова (66 келіге дейін).

Ал Гүлсая Ержан (81 келіге дейін) қытайлық Вансяо Мэнге есе жіберіп, жарысты аяқтады.

12 наурызда әлем чемпионаты аясында қазақстандық спортшылардың қатысуымен төрт жекпе-жек өтеді:

Жекпе-жектер Астана уақыты бойынша 18:00-де басталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды