Шорт-тректен әлем чемпионаты: Әділ Ғалиахметов жетінші орынды иеленді

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық шорт-трекші Әділ Ғалиахметов Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 1000 метр қашықтықтағы шешуші жарыста ел намысын қорғады.

Ғалиахметов жарысты жетінші болып аяқтады. Бірінші орынды канадалық Стивен Дюбуа иеленді. Екінші орын тағы бір канадалық Уильям Данджинуға бұйырды. Қола медальді италиялық Пьетро Сигель жеңіп алды.

Айта кетейік, бір күн бұрын Денис Никиша 500 метр қашықтықта күміс жүлдеге қол жеткізген болатын. Ал Қазақстан әйелдер құрамасы эстафетада төртінші орынға ие болды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз