Зимбабвенің спорт министрі Халықаралық Олимпиадалық комитеттің президенті болды

Сурет: olympic.kz
Зимбабвенің спорт министрі Кирсти Ковентри Халықаралық Олимпиадалық комитетінің оныншы президенті болып сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дауыс беру Грекияның Коста-Наварино қаласындағы ХОК-нің 144-ші сессиясында өтті.

Ол бұл қызметте 2013 жылдан бері президент болған Томас Бахты алмастырады. Бахтың 2025 жылдың ақпанында қызметтен кететінін ХОК Атқарушы комитеті қолдады.

Жүзуден екі дүркін Олимпиада чемпионы, Зимбабве спорт министрі Кирсти Ковентри Халықаралық Олимпиадалық комитетін басқаратын алғашқы әйел басшы атанды. Сондай-ақ, бұл лауазымға алғаш рет Африка құрлығының өкілі сайланды.

Томас Бахтың өкілеттігін ресми түрде Кирсти Ковентриге тапсыру рәсімі 2025 жылы 23 маусымда өтеді.

Бұған дейін Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144-ші сессиясында Томас Бах ХОК-тің құрметті президенті болып өмір бойына сайланғанын жазғанбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты