Рыбакина әлемдік рейтингте екі позициясын жоғалтты. Путинцева бір қатарға көтерілді

Сурет: Jimmie48 Photography, WTA
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) 2025 жылдың 31 наурызында рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады. Қазақстандық теннисшілер қандай орында Zakon.kz тілшісі зерттеп көрді.

Майамидегі (АҚШ) WTA-1000 санатындағы турнирдің қорытындысы бойынша әлемдік рейтингте өзгерістер болды.

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина бірден екі сатыға төмен түсті, яғни ол сегізіншіден оныншы орынға тұрақтады.

Елдің екінші ракеткасы Юлия Путинцева бір позицияға көтеріліп, қазір 23-ші орында.

Жұптық көрсеткіште Анна Данилина 17-ші орында (-1).

31 наурыздағы WTA рейтингі:

1. Арина Соболенко (Беларусь) – 10 541 ұпай.

2. Ига Швентек (Польша) – 7 470.

3. Кори Гауфф (АҚШ) – 6 063.

4. Джессика Пегула (АҚШ) – 5 796.

5. Мэдисон Кейс (АҚШ) – 4 449.

6. (+1). Жасмин Паолини (Италия) – 4 843.

7. (-1). Мирра Андреева (Ресей) – 4 775.

8. (+1). Чжэн Циньвэнь (Қытай) – 4 135.

9 (+2). Паула Бадоса (Испания) – 3 821.

10. (-2). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 3 808.

...

23. (+1). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1 823.

312. (-3). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 212.

327. (-2). Зарина Дияс (Қазақстан) – 204.

646. (-8). Соня Жиенбаева (Қазақстан) – 60.

906. Сандуғаш Кенжебаева – (Қазақстан) – 25.

940. (+2). Аружан Сағандықова (Қазақстан) – 23.

1 151. (-79). Гозал Айнитдинова (Қазақстан) – 11.

Бұған дейін гимнаст Зейнолла Ыдырысовтың Германиядағы турнирде жеңіске жеткендігі хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады