Жәнібек Әлімханұлы "Канелоны" шаршы алаңға шақырды

Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly, Instagram/canelo
Орта салмақтағы IBF және WBO әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылдың 6 сәуірі қарсаңында нокаутқа жіберген атышулы жеңісінен кейін мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареске үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

32 жастағы қазақстандық 34 жастағы мексикалықты ұрысқа шақырды.

"Канело! Сен қайдасың? Мен орта салмақтағы корольмін! Сен де өзіңді король деп санайсың! Әлемге екі корольдің жекпе-жегін көрсетейік!"- деп жазды Әлімханұлы Альвареске X әлеуметтік желісінде.

Әзірге Сауль Жәнібектің үндеуіне ешқандай жауап берген жоқ, бірақ оқырмандар өз пікірлерін қалдырды:

Еске салсақ, 5 сәуір күні Астанада өткен бокс кешінде IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) франциялық Анауэль Нгамиссингені (14-0, 9 КО) 5-раундта нокаутқа жіберіп, өз белбеулерін қорғап қалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты