Алматыда интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен әйел адам ұсталды

Сурет: polisia.kz
Алматы қаласының Алмалы ауданында полицейлер интернет арқылы бірнеше алаяқтық дерегін жасаған деген күдікпен 34 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті интернет желісінде брендтік киім-кешек пен тұрмыстық заттарды сату туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Тауарды сатып алуға ниет білдірген азаматтардан алдын ала немесе толық төлем алып, уәде етілген тауарды жеткізбеген.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің бірнеше алаяқтық әрекетін тіркеді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әйел қамауға алынды.


"Қазіргі таңда интернет кеңістігі алаяқтар үшін алдау мен оңай олжа табудың алаңына айналып отыр. Сондықтан тұрғындардан сақ болуды, бейтаныс тұлғаларға ақша аудармауды сұраймыз. Егер күмәнді жағдайлар орын алса, дереу полицияға хабарласыңыздар. Осы күдіктінің алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, бізге хабарласып, арыз жазуын сұраймыз", – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды