Максим Мейірлан дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Сурет: International judo federation
Қазақстан құрамасының спортшысы Максим Мейірлан дзюдодан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық балуан 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Максим Мейірлан қола медаль үшін болған белдесуде тәжікстандық Умид Раджабовты жеңді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті қола жүлдені салды.

Айта кетейік, дәл осы салмақта Ермахан Әнуарбеков те қола медаль үшін күресті. Алайда ол жапониялық Комей Кавабатаға есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар. Бұған дейін Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін), Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) және Бақыт Құсақбаева (57 келіге дейін) қола медаль жеңіп алған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды