Сауль Альвареске Головкинмен тағы бір жекпе-жек өткізу ұсынылды

Сурет: Instagram/canelo
Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (62-2-2, 39 КО) жанкүйерлері оның келесі қарсыластарының тізімін жариялады. Фанаттардың көбі Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) төртінші жекпе-жекті көргісі келетінін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетейік, 4 мамырға қараған түні Сауль Альварес кезекті жекпе-жегін өткізіп, әлемнің абсолютті чемпионы атағы үшін таласады. Оның қарсыласы – IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы кубалық Уильям Скулл (23-0, 9 KO). Алайда, мексикалықтың фанаттары оның мықтырақ боксшылармен жұдырықтасқанын талап етіп отыр, деп жазады 1bol.kz.


"Жанкүйерлер Канелоның Дэвид Бенавидеспен, Дмитрий Биволмен немесе Геннадий Головкинмен жұдырықтасуын қалап отыр. Бірақ, Сауль Альварес бұлардың ешбірін таңдамай, кубалықпен жұдырықтасуды жөн көрген",  делінген bolavip.com сайтында.

Америкалық Дэвид Бенавидес (30-0, 24 КО) жартылай ауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Бұл белбеуді ол Дмитрий Биволдан (24-1, 12 КО) жекпе-жексіз алып қойған.

Дмитрий Бивол болса Канелоны жеңген екі боксшының бірі (екіншісі – Флойд Мэйвезер). Мексикалық онымен реванш өткізуді бұрыннан жоспарлап жүр.

Ал, Головкин мен Альварес арасында үш жекпе-жек өтті. Оның біріншісі тең аяқталса, қалған екеуінде Сауль Альварес жеңіске жеткен.

Головкин Геннадий
Альварес Сауль Канело

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы