Хоккейден Қазақстан құрамасы сенсация жасап, Норвегияны ұтып кетті. Бапкер не дейді?

Сурет: shaiba.kz
Шайбалы хоккейден Швеция мен Данияда өтіп жатқан әлем чемпионатының элитиалық дивизионын кеше Қазақстан құрамасы сенсациямен бастады. Топтағы алғашқы кездесуінде ұлттық құрама Норвегияны ұтып кетті. Енді олар бүгін, 11 маусымда Германия құрамасымен ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, элиталық дивизионның B тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы алғашқы матчта Норвегиямен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

"Біз қарсылас команданы талдадық, олардың Латвия құрамасына қарсы жолдастық кездесулерін қарап шықтық. Норвегтердің агрессивті ойын үлгісінде ойнайтынын білдік, сондықтан жігіттерден дәл сондай қарқынмен ойнауды сұрадық. Матчты баяу бастағанымызбен, Артём Королёвтің күш қолданған әдісі командаға серпін беріп, жинақталып алдық. Одан кейін текетірес басталды, жеке-дара сәттерде үстемдік көрсеттік. Екінші кезеңнің алғашқы жартысында басымдықты өз қолымызға алдық. Алайда, кейде ойын тәртібіне қатысты қиындықтар болды. Қақпашымыз Максим Павленко бірнеше рет команданы құтқарып қалды. Ол — адал әрі сенімді қақпашы. Жеңдік, енді әрі қарай жылжимыз", деп sportarena.kz хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякиннің сөзін келтіреді.

Бүгінгі таңда хоккейден Әлем чемпионаты Дания мен Швецияда өтіп жатыр. Қазақстан ойындарының бәрін Данияның Хернинг қаласында өткізеді.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды