Бекзат Алмахан UFC-де сенсация жасады

Сурет: Instagram/rukh_team
11 мамырда түнде Канаданың Монреаль қаласында өткен UFC 315 турнирінде Қазақстан өкілі Бекзат Алмахан (12-2) мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол аралас жекпе-жек тарихында алғаш болып канадалық Брэд Катонаны (14-5) мерзімінен бұрын жеңген спортшы атанды.

27 жастағы Алмаханның нокауты UFC тарихындағы ең жылдам нокаут деп танылды. Осылайша Бекзат Алмахан небәрі 64 секундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, жанкүйерлерін қатты таң қалдырды.

Катона кәсіби ММА-да 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақытқа дейін ол төрт рет жеңіліп көргенімен, барлығы да тек төрешілер шешімімен аяқталған болатын. Бұл кездесу Алмаханның кәсіби мансабындағы он екінші жеңісі болды.

"Мен бұл араға жәй әшейін келгенім жоқ. Мен чемпион болу үшін келдім, Алланың қолдауымен чемпион да боламын", - деді аталған жеңісінен кейін журналистерге берген сұқбатында Бекзат.

Бұған дейін шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы сенсация жасап, Норвегияны ұтып кеткенін, бұған қатысты бапкері қандай пікір білдіргенін жазғанбыз. 

Қазақстан
Канада

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады