Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирінде ширек финалға өтті

Сурет: ktf.kz
Шымкентте 16 жасқа дейінгілер арасында Билли Джин Кинг кубогының (командалық әлем чемпионаты) іріктеу жарысында Қазақстан қыздар командасы өз тобынан бірінші орынмен ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азия және Тынық мұхит аймағы бойынша өтіп жатқан іріктеу додасында Ярослава Шведованың шәкірттері D тобында алдымен Таиланд құрамасын 3:0 есебімен қапы қалдырған еді.

Бүгін қазақстандық қыздар Қытай командасымен матчта камбэк жасап, жеңіске жетті.

Алдымен Еркежан Жаңатаева Ванг Тонгқа 3:6, 2:6 есебімен есе жіберді. Дегенмен Ева Корышев жасөспірімдер арасында әлемнің 64-ракеткасы Ю Ханьды 6:4, 6:1 есебімен ұтып, таразы басын теңестірді.

Содан кейін Еркежан мен Ева жұптық сында Ванг Тонг – Ю Ханьды тізе бүктірді – 6:4, 7:5.

Қорытынды есеп – 2:1.

Жеребе қорытындысы бойынша ертең қазақстандықтар ширек финалда Үндістанмен ойнайды.

Жартылай финалға өткен командалар Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Ширек финалда сондай-ақ Аустралия – Қытай, Жаңа Зеландия – Жапония, Корея – Қытайлық Тайбэй құрамалары өзара кездеседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты