Әмір Омарханов алғаш рет ITF турнирінің финалына шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов ITF M25 санатындағы турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші италиялық Александр Биндамен бірге жартылай финалда Федерико Яннаконне (Италия) мен Георгий Кравченконы (Украина) 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Финалда Әмір мен Александр италиялық Томаззо Компануччи және ресейлік Кирилл Киватцевпен кездеседі. Шешуші матч 16 мамыр күні өтеді.

Бұл – Әмірдің ересектер арасындағы ITF аясындағы турнирдегі алғашқы финалы. Ал жекелей сын бойынша 2024 жылы Астанада өткен ITF M25 турнирінің жартылай финалына шыққан еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты