Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді

Сурет: ҚР ҰОК
Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Нора Джеруто екінші алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

31 мамырда спортшы 5000 метрлік қашықтықтағы финалдық жарыста жеңіске жетті.

Джеруто 4:58.71 нәтижесімен мәре сызығын кесті.

Үндістандық Парул Чаудхари екінші орынды иеленді (15:15.33), ал жапониялық Юма Ямамото үшінші орынға табан тіреді (15:16.86).

Қазақстан құрамасының еншісінде қазір алты жүлде бар.

Қола жүлде Джепкемейге (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру) және Ясмина Тоқсанбаеваға (20 шақырымдық спорттық жүріс) бұйырды.

Бұған дейін Ташкенттегі WTT Youth Contender турниріндегі қазақстандықтардың аралық нәтижесі жарияланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты