Милад Карими Азия чемпионатында күміс медаль иеленді

ҚР ҰОК
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Чечхонда (Оңтүстік Корея) спорттық гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылы 7 маусымда ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады:

"Жарыс аясында еркін жаттығулар финалы өтті. Қазақстандық Милад Карими өз өнері үшін 14.400 балл алды. Бұл нәтиже оған екінші орынды әперді. Бірінші орында - Карлос Юло (Филиппин) - 14.600. Үздік үштікті Мун Гын Ен (Оңтүстік Корея) 14.033 ұпаймен түйіндеді". 

Сондай-ақ, финалда Дмитрий Потанин де өнер көрсетіп, қола медальдан бір қадамға қалыс қалды (13.833).

"Бұған дейін Қазақстан командалық көпсайыста үшінші орын иеленген болатын", - деп толықтырады ҚР ҰОК. 

Айта кетсек, қазақстандық волейболшылар Орталық Азия Ұлттар лигасында жүлдеге бір қадам жетпей қалған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік