Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Сурет: olympic.kz
Дзюдодан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финалда ол әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері жапониялық Вакана Когимен белдесті.

Кездесу барысында Әбиба ұтылып жатқанымен, қарсыласы үш ескерту алып, нәтижесінде жеңіс қазақстандық спортшының еншісіне жазылды. Осылайша, Әбужақынова 48 келі салмақ дәрежесінде финалға шығу үшін күреседі.

Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Мағжан Шамшадин ширек финалда жапониялық екі дүркін олимпиада жүлдегері Рюдзю Нагаямеге жол берді.

Дегенмен, Мағжан қола жүлдеге таласу мүмкіндігін сақтап қалды. Ол үшін жұбаныш белдесуінде жеңіске жетуі қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды