Әбиба Әбужақынова мансабында алғаш рет дзюдодан әлем чемпионатының финалына шықты

Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Будапештте өтіп жатқан әлем біріншілігінде алтын жүлде үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында испаниялық Лаура Мартинеспен белдесті.

Нәтижесінде испаниялық үш қателік жіберіп, Әбиба финалға жолдама алды.

Финалда Әбужақынова Италия өкілі Асунта Скутто мен франциялық Ширин Букли арасындағы жекпе-жекте жеңіске жеткен спортшымен белдеседі.

Айта кетейік, Әбиба бұған дейін әлем чемпионатының финалында бірде-бір рет белдеспеген. Оның еншісінде әлем біріншілігінің екі қола медалі бар.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды