Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен қыз бала ұсталды

Сурет: polisia.kz
Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен қыз баланы анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті интернетте танымал қосымшаларға Алматыда пәтер жалға беретіні туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Алайда оның жалға беретін баспанасы болмаған. Жәбірленушілерден алдын ала төлем алғаннан кейін алаяқ байланысын тоқтатып, ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

"Қазіргі таңда полиция бөліміне зардап шеккен азаматтардан 15-ке жуық арыз келіп түскен. "Заң және Тәртіп" қағидатын және Алдын алу жылын іске асыру аясында, алаяқтықпен күрес - полиция қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Мұндай қылмыстар азаматтардың сеніміне нұқсан келтіреді, ал біздің міндетіміз заңсыз әрекеттерді тез арада тоқтатып, кінәлілерді жауапқа тарту", ​​- деді Бостандық аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Мұхаммедәлі Сейсенұлы.

Полиция қосымша деректерді анықтау жұмыстарын жалғастырып, азаматтарды тұрғын үйді жалға алу мәмілелерін жасау кезінде абай болуға, құжаттарды тексеруге және ақпаратты тексермей алдын ала төлемдерді аудармауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты