Бокстан әлем кубогы: Сабыржан Аққалықов қарсыласынан жеңісті жұлып алды

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық былғары қолғап шебері Сабыржан Аққалықов Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында канадалық Джошуа Офоримен өзара мықтыны анықтады.

Бірінші раундта Канада өкілі басымдық танытты. Алайда, жекпе-жектің екінші және үшінші бөлімінде Сабыржан Аққалықов керемет бокс үлгісін көрсетіп, жеңісті суырып алды.

Осылайша, отандасымыз финалға шығу үшін бақ сынайды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты