Месси MLS тарихында қатарынан бес ойында дубль жасаған алғашқы футболшы атанды

Сурет: Instagram/intermiamicf
13 шілдеге қараған түні MLS-тің кезекті турында "Интер Майами" өз алаңында "Нэшвилл" клубын қабылдады. "Интер Майами" сапында қос голды да әйгілі аргентиналық шабуылшы Лионель Месси салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

MLS баспасөз қызметінің хабарлауынша, Месси Лига тарихында қатарынан бес ойында дубль жасаған алғашқы футболшы атанды.

Ал аталған кездесу АҚШ-тың Форт-Лодердейл қаласындағы DRV PNK Stadium аренасында өтіп, алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Қонақтар сапынан жалғыз голды германиялық форвард Хани Мухтар өз еншісіне жазды.

"Интер Майамидің" Жорди Альба, Серхио Бускетс және Луис Суарес секілді өзге де жұлдызды ойыншылары бастапқы құрамда алаңға шыққанымен, нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады.

Қазіргі таңда "Интер Майами" Шығыс конференциясында 19 турдан кейін 38 ұпаймен 5-орында тұр. Ал "Нэшвилл" 22 матч өткізіп, 41 ұпаймен 3-сатыға жайғасқан.

Келесі турда Хавьер Маскерано жаттықтыратын "Интер Майами" сырт алаңда "Цинциннати" клубымен кездеседі, ал "Нэшвилл" өз алаңында "Коламбус Крю" командасын қабылдайды. Екі матч та 17 шілдеде өтеді.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті