Бублик екінші рет қатарынан топырақ төсенішіндегі турнирдің финалына шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 30-ракеткасы Александр Бублик Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда рейтингіде 103-орында тұрған нидерландылық Ботик ван де Зандсхулппен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда есеп 3:2 болған мезетте Бублик брейк жасап, сосын өз мүмкіндігін жібермеді – 6:3.

Есесіне екінші сетте Зандсхулп 3:0 есебімен алға шықты. Дегенмен Бублик қайыра екі брейк жасап, ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Осылайша, қазақстандық теннисші қатарынан екінші рет топырақ төсенішіндегі турнирдің финалына өтті.

Бұдан бір апта бұрын ол Гштаад (Швейцария) ATP 250 жарысында жеңімпаз атанған еді.

Александр Бублик финалда рейтингіде 100-сатыдағы франциялық Артур Казомен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты