Александр Бублик қатарынан екінші турнирде жеңіске жетті

Сурет: ATP
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласында өткен топырақ төсенішіндегі АТР 250 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалда ол Франция өкілі, әлемнің 100-ракеткасы Артур Казоны 6:4, 6:3 есебімен жеңді.

Осылайша, Бублик атарынан екінші ATP 250 турниріндегі чемпион атанып отыр.

Биылғы "Ролан Гарростан" бергі топырақ төсенішіндегі барлық жарысты ескерсек, ол 12 матчта жеңіске жетіп, тек бір рет жеңілген. Қазақстанның бірінші ракеткасы 2025 жылғы "Ролан Гаррос" ширек финалында италиялық Янник Синнерге ғана есе жіберді.

Бұл – Бубликтің 2025 жылғы маусымдағы үшінші жеңісі және мансабындағы ATP турындағы жетінші  (жекелей сын) титулы.

Ол бұған дейін мына турнирлерде жеңімпаз атанған:

Айта кетейік, Александр Бублик осы жеңісінің арқасында дүйсенбі, 28 шілдеден бастап ATP рейтингінде 25-орынға көтеріледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты