Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай 40 балаға қайырымдылық жасады

Сурет: Zakon.kz
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай жаңа оқу жылы қарсаңында қиын жағдайдағы отбасылардың балаларына қуаныш сыйлауды жөн деп тапқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы қыз өзінің ізгі ісі жайынан Instagram-дағы парақшасында қуана бөлісті.

"Жаттығудан кейін өзіме тәнті болып келе жатырмын. Минус 2 миллион, 40 бақытты бала + күлімдеген көпбалалы ата-аналар. Жақсылық санмен емес, жүрекпен өлшенеді", деп жазды ол.

Осылайша Назым Қызайбай жаңа оқу жылы қарсаңында 40 баланың мектепке дайындығына демеушілік танытып, көпбалалы отбасыларға көмек көрсеткен.

Жеңіс шаршы алаңда ғана емес, жүректен шыққан ізгі амалдарда екенін тағы бір паш еткен боксшы қыз желідегілердің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кетсек, 2025 жылы 5 мамырда Қазақстан бокс федерациясы бір топ боксшыларға, соның ішінде Назым Қызайбайға да доллардай қомақты сыйақы сертификаттарын ресми түрде табыстаған болатын.

Бұған дейін Семсерлесуден Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола медаль иеленгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды