Ербол Мырзабосынов қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады

Сурет: primeminister.kz
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, бұл күннің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және ел халқының денсаулығын нығайту.

"Спорт – тек дене шынықтыру емес, ол – жігердің, мақсатқа ұмтылыстың, бірліктің және достықтың көрінісі", - деді Ербол Мырзабосынов.

Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде спорт инфрақұрылымы кеңейіп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, аймақтарда жаңа нысандар ашылып, қазақстандық спортшылар халықаралық ареналарда лайықты өнер көрсетіп жүр. 

Сонымен қатар Ербол Мырзабосынов биыл дене шынықтыру және спорт саласына қатысты заңға бірқатар өзгерістер енгізілгенін айтты. Олар спортшылардың бәсекеге қабілетін арттыруға, параспортты қолдауға, бюджетті оңтайландыруға және қаражатты ұлттық, басым спорт түрлеріне, сондай-ақ балалар мен бұқаралық спортқа қайта бөлуге бағытталған.

"Жыл басынан бері елімізде көптеген халықаралық жарыстар өтті. Бұл біздің спорттық нысандарымыздың заманауи талаптарға сай екенін және бұдан да жоғары деңгейдегі турнирлерді өткізуге дайын екенімізді көрсетеді", - деді министр.

Ол сондай-ақ Қазақстанға биыл жиырмадан астам халықаралық спорт ұйымының өкілдері келгенін, олардың жартысын Мемлекет басшысы өзі қабылдағанын айтты. Бұл – еліміздің әлемдік спорт қауымдастығындағы беделінің артып келе жатқанын дәлелдейді.

Айта кетейік, тамыздың үшінші жексенбісінде аталып өтетін Спорт күні – спортшылардың, бапкерлердің, спорт ардагерлерінің және салауатты өмір салтын ұстанатын жандардың кәсіби мерекесі. Бұл күнде елдің әр өңірінде спорттық жарыстар, мерекелік шаралар мен бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты