Шавкат Рахмонов UFC үздік 15 файтері қатарында

Сурет: instagram/shavkatrakhmonov94
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов салмақ санатына қарамастан UFC үздік спортшыларының ресми рейтингіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, Қазақстан өкілі 15-орынға көтеріліп, промоушеннің бұрынғы жеңіл салмақтағы чемпионы Чарльз Оливейраны ығыстырды.

Рейтингті UFC жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы Илия Топурия бастап тұр. Екінші орында жеңіл дивизионның бұрынғы чемпионы Ислам Махачев, үшінші орында ең жеңіл салмақ бойынша чемпион Мераб Двалишвили, төртінші орында орта салмақтағы титул иесі Хамзат Чимаев, ал топ-5-ті ең жеңіл салмақтағы белбеу иесі Александр Пантожа түйіндейді.

Шавкаттың кейінгі жекпе-жегі 2024 жылғы желтоқсанда ирландиялық Иэн Мачадо Гэрримен UFC 310 турнирінде өтті. Сол кездесуде Рахмонов төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Оның еншісінде 19 жеңіс, бірде-бір жеңіліс жоқ.

Бұған дейін 18 жастағы Едіге Қасымбек Болгарияда еркін күрестен әлем чемпионы атанған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады