Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Сурет: United world wrestling
Қазақстандық балуан Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен Самоковта (Болгария) өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалына шығу үшін күреседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

82 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында қазақстандық балуан үндістандық Принсті сенімді жеңді.

Енді ол жартылай финалға шығып, жапон балуаны Тайзо Ёсидомен кездеседі.

Өткен жылы Жапония спортшысы ересектер арасындағы Азия чемпионатында топ жарып, сондай-ақ жастар арасындағы әлем чемпионатында үшінші орын алған еді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты