Рыбакина мен Путинцева US Open турнирін жеңіспен бастады

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Нью-Йоркте осы жылдың соңғы "Үлкен дулыға" турнирі – АҚШ ашық чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік рейтингіде 10-орында тұрған Елена Рыбакина бірінші айналымда ITF Juniors рейтингінде 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасында бірінші орын алатын америкалық Джульетта Пареханы сенімді түрде жеңді.

Wild card алған Пареха қазақстандық спортшыға 6:3, 6:0 есебімен есе жіберді. Екінші айналымда Рыбакина Чехия өкілі Тереза Валентовамен (96 WTA) кездеседі.

Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева (55 WTA) алғашқы айналымда Италия ойыншысы Элизабетта Коччареттодан (85 WTA) 6:4, 7:6 (7:4) есебімен басым түсті.

Келесі кезеңде Путинцева Анна Калинская (29 WTA) мен турнирдің wild card иегері Клерви Нгуну арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы