Алматыда үстел теннисінен WTT Contender Almaty турнирі өтеді

Сурет: olympic.kz
2-7 қыркүйек аралығында Алматыда үстел теннисінен халықаралық WTT Contender Almaty турнирі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы жарысқа 21 елден 143 спортшы қатысады. Олардың қатарында Аустралия, Вьетнам, Германия, Үндістан, Иран, Испания, Қытай, Оңтүстік Корея, Люксембург, Малайзия, Мексика, Румыния, Сауд Арабиясы, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, Өзбекстан, Франция, Жапония және Қазақстан бар.

Алматыда үстел теннисінің әлемдік жұлдыздары өнер көрсетеді. Олардың ішінде Еуропаның үш дүркін чемпионы Дарко Йоргич (Словения), жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сора Матсушима (Жапония), Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Шань Сяона (Германия) және әлем чемпионатының қола жүлдегері Хоноку Хашимото (Жапония) бар.

Жарыста ерлер мен әйелдер арасында жекелей, жұптық және аралас санаттар бойынша медальдар сарапқа салынады.

Халықаралық турнир ADD Ustel Tennis Ortalygy орталығында өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік