"Қайрат" пен "Реал" матчы: жанкүйерлерді билет сатып алу кезінде қырағы болуға шақырды

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 30 қыркүйекте алматылық "Қайрат" құрамасы мадридтік "Реал" командасын қабылдайды. Ауқымды шара жанкүйерлер арасында бұрын-соңды болмаған ажиотаж туғызуда. Осыған байланысты ресми билет сату сервисі қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чемпиондар лигасының "Қайрат" – "Реал" матчы қарсаңында билеттердің қолдан жасалып, заңсыз сатылу жағдайлары көбеюіне байланысты ресми түрде билет сатушылар мәлімдеме жасады.

"Билеттердің жалғыз ресми сатылым арналары — Freedom Ticketon және "Қайрат" футбол клубы",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, желіде жалған билеттерді ұсынатын алаяқ сайттар тіркелуде екені атап өтілді.

"Үшінші тұлғалардан билет сатып алу арқылы сіз матчқа кіре алмай қалу қаупін арттырасыз. Билеттер сатылымының басталу күні мен стадионға кіру ережелері туралы барлық ресми ақпарат Freedom Ticketon мен "Қайрат" ФК-ның ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде жарияланады",- деп мәлімдеді ведомство.

Сондай-ақ, 31 тамыз күні "Қайрат" футбол клубы алдағы УЕФА Чемпиондар лигасы ойындарына билет сату жөнінде ресми мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы