Бокстан әлем біріншілігі: Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан финалға өтті

Санжар Тәшкенбай. Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Санжар Тәшкенбай 50 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында кубалық Алехандро Кларо Физбен өзара мықтыны анықтады.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша Санжар Тәшкенбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) әлем чемпионатының алтын медалі үшін күреседі.

Ал Махмұд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Лю Чуанмен (Қытай) қолғап түйістірді.

Сурет: olympic.kz

Махмұд алғашқы раундтан-ақ ауыр соққылармен қарсыласын есеңгіретіп тастады. Екінші және үшінші кезеңде де керемет бокс үлгісін көрсеткен отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Енді Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) әлем чемпионатының алтын медалі үшін сынға түседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі