Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық былғары қолғап шебері Санжар Тәшкенбай Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем біріншілігінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз 50 келіге дейінгі салмақтың финалында Алдарқхишиг Баттулгамен (Моңғолия) өзара мықтыны анықтады.

Санжар Тәшкенбай жекпе-жектің бірінші кезеңінен бастап тізгінді қолына алды. Толық үш раунд бойы басымдығын сақтап қалған жерлесіміз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай осымен екінші мәрте әлем чемпионы атанып отыр. Ол бұған дейін 2023 жылы жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады