"Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының билеттері толық сатылып кетті

Сурет: Zakon.kz
"Қайрат" футбол клубы 23 қыркүйекте УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында мадридтік "Реалға" қарсы өтетін матч билеттерінің сатылымы аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтеді, басталуы – 21:45, деп хабарлайды Zakon.kz.

Клубтың мәліметінше, стадионға кіру 18:45-тен бастап, яғни ойын басталғанға дейін үш сағат бұрын мүмкін болады.

Клуб сондай-ақ жанкүйерлерге тексеруден өтіп, ұзын-сонар кезектен қашу үшін алдын ала келуді ескертті. Стадионға үш бағыт арқылы – Абай даңғылы, Сәтбаев көшесі және Байтұрсынов көшесі жағынан кіруге болады

"Қайрат" клубында нақтылағандай, Freedom SuperApp арқылы сатып алынған билеттер ойын күні электрон поштаға жіберіледі. Ал Qairat SuperApp мобильді қосымшасында әрекет ететін QR-код тек кездесу басталардан бірнеше сағат бұрын ғана көрсетіледі.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады